07
наурыз
2022
7 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «Тілге құрмет-елге құрмет» онкүндігі басталды.
7 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «Тілге құрмет-елге құрмет»
онкүндігі басталды.
Мақсаты: Қазақ тілі пәнінде қалыптасқан тілдік дағдыларды қолдана білуге үйрету. Оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту.
Міндеттері:
1. Оқушылардың алдына түрлі проблемалық жағдайлар туғызу арқылы ойлауға, сөйлеуге, түсінуге дағдыландыру.
2. Оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне, қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу.
3. Әдепті, сауатты сөйлеу мәдениетін аттыру, тілін дамыту, сөздік қорын дамыту.
4. Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.